Тоқаев айтқан 1 мың жұмыс орны бар компания 1,2 млн теңге жалақы ұсынды
Тоқаев айтқан 1 мың жұмыс орны бар компания 1,2 млн теңге жалақы ұсынды
© kaztag.kz
8,263
оқылды
«Татнефть» мұнай компаниясында жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді, – деп хабарлады ҚазТАГ.  Компания бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеу, механикалық жабдықты жөндеу салалары және арнайы техника жүргізуші мамандықтары бойынша жалпы 578 вакансия ұсынды. Ұңғымаларды күрделі жөндеу саласы – 180 бос орын, механикалық жабдықты жөндеу саласы – 48 орын, арнайы техника жүргізуші бойынша – 350 орын бар. Ұсынылған бос жұмыс орындары бойынша бір айға орташа жалақы 54 000 – 160 000 рубль (салықтар мен өзге де төлемдерді қосқанда) аралығында болады. Осы аралықта облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен компания өкілдерін қатыстыра отырып үш мәрте әңгімелесу кезеңі өткізіліп, оған барлығы 947 адам қатысты. І-кезең 2-6 мамыр күндері 531 адам, ІІ-кезең 6-7 тамыз күндері 321 адам, ІІІ-кезең 12-13 қазан күндері 95 адам қатысты.
"Нәтижесінде 51 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде әртүрлі себептермен 10 адам жұмыстан босатылып, бүгінде 41 адам жұмысты жалғастыруда", – деді агенттікке хабарлаушы.