Синоптиктер ауа райына байланысты 5 өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер ауа райына байланысты 5 өңірде ескерту жариялады
Еліміздің 5 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде қар ұшқындап, боран соғады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Түнде облыстың батысында жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Жетісу облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстік шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік шығыстан батысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады.