Бір әйел күйеуін 40 күн оқып, денесін ірітіп жіберген - Айгүл Елшібаева
Бір әйел күйеуін 40 күн оқып, денесін ірітіп жіберген - Айгүл Елшібаева
Құралай ханымды жерден алып, жерге салған дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева дұғамени емдеуді үйретіп жүрген әйелді тағы да сынға алды. 
"Абжат - Құран аятын оқып, соның саны арқылы жындарды жұмсайтын ілім. Құран аятының санын теріс оқуы арқылы жындарды жұмсау, адамдарды өзіне бағынышты етіп, бағын байлау, дуалау. Құралай мыстанның дуасын 40 күн оқып, неше түрлі жағдайларға түскендерге, білмегендерге жауап. Себебі, бір әйел күйеуіне 40 күн дұғаны оқып, күйеуінің денесі киім кие алмайтындай іріп кетіпті. "Не болды?" деп сұрасақ, "Жын тұқымымен талаған", - дейді. Баяғыда молдалар теріс оқып, суды теріс ағызып, жек көретін адамын итке айналдырып жібереді дегенді де оқыдық", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасына,
Оның дерегінше, бұндай теріс оқуды мұсылман баласы кәпірге үйленгенін қаламай, қосылмауы үшін, мұсылмандықты сақтау үшін оқыған екен. Ал қазіргілер қарақан қақ басының баюы үшін, көзі ақшадан басқа ештеңе көрмей, "Бақытты боласың!" деп сондай істерді үйретуде.
"Надандықтың шегі болмаған соң, осы. Тез баю үшін, Құралай ханымның 40 күн дұғасы, Бердияр қаридың берген сүрелерінің санын өзгертіп, оны оқығандар түрлі қиындыққа түскен. Құралай ханым осындай арамза істі үйреткен. "Себебі, әр адамын аты-жөні бойынша, абжат әр түрлі болады", деді Бердияр қари. Осы дуаны оқып, жын кіргендер - жыныңды шығаруға, дем салдыруға молдаға барыңдар. Сендерді оқыған молданы тағы бір басқв молда оқымаса, қиын болады-ау", - деп мысқылдайды автор.
Айгүл Елшібаеваның айтуынша, бір ауруға басқа бір аурудың емі жүрмейді. Әр аурудың өз емі бар.