Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім бірнеше күннен бері хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Inform.kz. Байқоңыр қаласының 17 жастағы тұрғыны Абдрахимов Асылан Ақылбекұлы 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен. Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйге қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: Бойы: 1,70-1,75 см, орта денелі, шашы қоңыр түсті. Киімдері: қара түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғында қара түсті етік. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 8-705-255-81-25 теелфон номерлеріне қоңырау соғуды сұраймыз», - делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.