Әлем чемпионаты: Испания Коста-Рика құрамасын ойсырата жеңді

Әлем чемпионаты: Испания Коста-Рика құрамасын ойсырата жеңді

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Е тобында Испания мен Коста-Рика құрамалары кездесті. Матчта Еуропаның үш дүркін чемпионы атанған Испания фаворит болды. Испандықтар алғашқы жарты сағатта-ақ ойын тағдырын шешіп тастады. Алдымен 11-минутта Гавиден пас алған Дани Ольмо есеп ашты. Арада 10 минут өткенде, Марко Асенсио допты тоқтатпастан теуіп, қақпа бұрышын дәл көздеді. 31-минутта Ферран Торрес 11 метрлік пенальтиден мүлт кеткен жоқ – 3:0. Екінші кезеңде 54-минутта Ф.Торрес екінші голын соқты. 74-минутта Гави есепті 5:0-ге жеткізді. 90-минутта Карлос Солер мергендік танытса, сәлден кейін Альваро Мората гол соқты – 7:0. Осылайша, Е тобында Испания 3 ұпаймен көш бастады. Үш ұпайы бар Жапония екінші орында. 27 қараша күні Жапония – Коста-Рика, Испания – Германия құрамалары өзара кездеседі.