Қар, жаңбыр, көктайғақ – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қар, жаңбыр, көктайғақ – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

24 қарашада Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы Атлантика циклонына байланысты болады. Қазгидрометтің хабарлауынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, шығыста қар күтіледі. Ел аумағы бойынша тұман, көктайғақ, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында бұрқасын болады.