Қостанай облысында жылу электр орталығында апат болды
Қостанай облысында жылу электр орталығында апат болды
443
оқылды
Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды. Әлеуметтік желіде ЖЭО-да болған апаттың видеосы тарады. Артынша жергілікті билік оқиғаға қатысты түсінік берді.
«Сағат 17.00 шамасында қалалық ЖЭО-ның жылу қазандығында ауқымды емес жарылыс болды. Салдарынан қазандықтың қаптамасы бұзылды. Су жылытатын – екінші және үш бу қазандығы бүлінген жоқ. Қаза болғандар және жұмысшылар арасында зардап шеккендер жоқ. Аталған ақау жылу мен су беруге әсер етпейді», - деді Арқалық қаласы әкімдігінен.
Сонымен қатар жөндеу шаралары жұмыс тәртібімен атқарылатынын айтты. Қала билігі азаматтардан әлеуметтік желіде жалған мәлімет таратпауды сұрады.