Индонезиядағы жер сілкінісінде үйінді астында қалған бала 45 сағаттан кейін құтқарылды
Индонезиядағы жер сілкінісінде үйінді астында қалған бала 45 сағаттан кейін құтқарылды
412
оқылды
Индонезиялық өрт сөндірушілер сәрсенбі күні Ява аралында болған жойқын жер сілкінісінен кейін 45 сағаттай өз үйінің астында қалған 5 жасар баланы құтқарды,  - деп хабарлады Жапонияның Kyodonews агенттігі. 21 қарашада болған 5,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 271-ге жетті, 151 адам із-түзсіз жоғалып, 2 мыңға жуық адам жарақат алған. Іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.
«Азканы өрт сөндірушілер тобы таңғы сағат 10.40-та құтқарды», - деді Ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің өкілі Анисса Новрианти.