Индонезиялық өрт сөндірушілер сәрсенбі күні Ява аралында болған жойқын жер сілкінісінен кейін 45 сағаттай өз үйінің астында қалған 5 жасар баланы құтқарды, - деп хабарлады Жапонияның Kyodonews агенттігі. 21 қарашада болған 5,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 271-ге жетті, 151 адам із-түзсіз жоғалып, 2 мыңға жуық адам жарақат алған. Іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.
«Азканы өрт сөндірушілер тобы таңғы сағат 10.40-та құтқарды», - деді Ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің өкілі Анисса Новрианти.