TripAdvisor тізіміне Түркістан облысының 47 нысаны енді

TripAdvisor тізіміне Түркістан облысының 47 нысаны енді

Түркістан облысының 47 нысаны әлемдегі ең ірі TripAdvisor саяхат туралы сайт тізіміне енді. Бұл дегеніміз, әлемнің кез-келген нүктесінен саяхатшылар облыстың бірегей орындары туралы ғана біліп қоймай, сондай-ақ кеңестерді пайдалана отырып, саяхаттың жеке бағдарын жасай алады. Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін туристің ең өзекті бес бағыт бойынша бірнеше жадынамасы әзірленді: «Шымкент-Түркістан», «Шымкент-Сарыағаш-Шардара», «Шымкент – Төлеби ауданы», «Шымкент –  Түлкібас ауданы», «Сайрам-Өгем ұлттық паркі». TripAdvisor әлемнің 45 елінде 25 тілде жұмыс істейді, ай сайын 315 млн бірегей келушілерге қызмет көрсетеді, 70 млн-нан астам тіркелген пайдаланушылары бар, олар 200 млн-нан астам пікір қалдырған.

Венера Асқарқызы