Алматыда асфальт опырылып, автобус түсіп кетті
Алматыда асфальт опырылып, автобус түсіп кетті
461
оқылды
Оқиға қаладағы Алатау ауданында болды. Жолаушылар таситын №122 бағыттағы қоғамдық көлік "Мәдениет" ықшамауданында өз бағытымен келе жатып, жол шетіне тоқтамақ болған. Осы кезде кенеттен асфальт опырылып кеткен. Сол жерде автобус бір жанымен шұңқырға түскен. Бұл туралы ақпарат алғаш болып әлеуметтік желіде пайда болды.
"Қайырлы таң! Алатау ауданы  "Мәдениет" (Рахат) ықшамауданында не болып жатқанын жариялаңыздаршы. Бәрі опырылып жатыр. Бізде ешқашан жол жөнделген емес, тек жамаудың үстіне жамау. Оны да жоғарыдан біреу келгенде ғана жасайды. Тіпті, жаяу жүретін жол да жоқ, бәрі жарамсыз. Көліктер мен автобустар өте алмайды",- деп жазды сол аудандағы тұрғындардың бірі.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, оқиға орнына мамандар жіберіліп, қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.
"Связьстроймеханизация" ЖШС мердігер ұйымы басшылығының бұйрығымен кепілді міндеттеме негізінде "Рахат" (Мәдениет) ықшамауданында магистральды су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы аяқталды. Ақаулар сигналдық таспамен қоршалған, жақын арада жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің Энергетика басқармасы.