«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Досым Сүлеевтің гитарасы аукционға қойылады
«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Досым Сүлеевтің гитарасы аукционға қойылады
«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы әрі алғашқы жетекшісі Досым Сүлеев өз гитарасын XIII қысқы қайырымдылық балының аукционына тапсырды. 50 жылдық тарихы бар гитара 1974 жылы шығарылыпты. Досым Сүлеевтің айтуынша, ансамбльдің репертуарындағы «Жан досым» әнінің музыкасы осы гитарамен жазылған екен.
«Біз бұл гитараны студент кезімізде ауылшаруашылық жұмыстарынан тапқан еңбекақымызға сатып алдық. Ол кезде жатақханада тұрдық. Онда электр гитара немесе фортепиано кіргізе алмайтынбыз. Сондықтан  қарапайым гитара сатып алдық. Бұл аспаппен жатақханада бірге тұрған қыздарға арнап ән айтатын едік. Негізі, бізде үш гитара болды. Бұл – біздің соңғы сатып алған аспабымыз», – деді Досым Сүлеев.
Ол осы гитараны оған Мәскеуге оқуға кетерде музыканы ұмытпасын деген ниетпен ансамбль мүшелері сыйға тартыпты. Сол кездерде Мәскеуде жүріп, достарға деген сағыныштан «Жан досым» әнін жазған.
«Егер адам жастарға, балаларға және олардың болашағына мән бермесе, онда оның ақылы жоқ. Ал егер балаларға аяушылық, жанашырлық танытпаса, онда оның жүрегі жоқ. Ансамбльдің бірінші жетекшісі ретінде топ атынан біз үшін жәдігерге айналған заттарды тапсырмақ болдық. Себебі «Болашақ» қоры өз аукционында нақты құнынан қымбат бағаға сатып, түскен ақшаны аса ауыр сырқаттары бар балалардың еміне жұмсайды», – деді Досым Сүлеев.
[caption id="attachment_228997" align="alignnone" width="1200"]Дос-Мұқасан ©www.inform.kz[/caption] Бүгінде "Қысқы қайырымдылық балы" өзінің  10  жылдық тарихында жыл сайын өтетін елорданың ірі қайырымдылық және мәдени іс-шараларының біріне айналды. 2 жылдық үзілістен кейін "Қысқы қайырымдылық балын" өткізу дәстүрі қайта жалғаспақ.
«Болашақ» қоры балдан түскен қаражатты ерекше балалары бар отбасылардың өмір сүру сапасын, инклюзивті білім беру саласындағы мамандарды даярлау сапасын және инклюзивті білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға қолданылады. Мысалы, "Қысқы қайырымдылық балынан" түскен қаражатқа біз еліміз бойынша инклюзивті алаңдар желісін құрдық. Соның нәтижесінде аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар 700-ден астам баланы үйден оқытудан шығардық. Елдегі тұңғыш мінез-құлық талдаушыларын оқыттық, бүгінде  олар ерекше балалармен жұмыс істейтін жүздеген педагог пен маманды үйретіп жатыр. Сонымен қатар  Оқу-ағарту министрлігінің сертификаттауынан өткен еліміздегі алғашқы ерекше балаларды оқыту бойынша біліктілікті арттыру курсын әзірлеп, іске қостық. Қазірдің өзінде  еліміздегі мінез-құлықты қолданбалы талдауды дамытудың негізін қаладық. Ерекше балаларды оқыту бойынша әлемде ғылыми дәлелденген жалғыз әдістеменің негіздері туралы аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларды оқыту бойынша қазақ тілінде тұңғыш кітапты шығардық. Бүкіл ел бойынша жүздеген мамандардың жұмысын сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етеміз. Біз одан да көп жасауға, одан әрі өрлей беруге әзірміз. Осы істе бізді қолдауға шешім қабылдаған серіктестерімізге алғысым шексіз», – деді Динара Гаплан.
Жиналған қаражат «Болашақ» қорының ерекше қажеттіліктері бар балалар мен дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына бағытталды. Сонымен қатар XIII Қысқы қайырымдылық  балдың аукционына 1940-1950 жылдары қолдан тоқылған кілемдер, АҚШ-тың 14-президенті Франклин Пирс қол қойған жер телімін беру туралы 1856 жылғы құжат және тағы басқа құнды заттар қойылады. Журналистер алдында «Нұрбанк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Қасенов,  Hilton Astana  қонақүйінің басқарушы директоры Алан Стокер сөз сөйлеп, ал "Қысқы қайырымдылық балдарының" қоюшы-хореографы, Қазақстанның хореографтар одағының мүшесі Евгений Моисеев балдың дебютанттары мен балға дайындықтың ерекшеліктері туралы айтып берді. Қайырымдылық қаражатын пайдаланудың ашықтығын сақтау мақсатында қордың www.bolashakcharity.kz сайтында қаржылық есептер жарияланады. «Болашақ» қайырымдылық қорының мәліметінше, 10 жыл ішінде 800 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Оған 70 мамандандырылған оңалту мекемесі мен 46 инклюзивті қолдау кабинеті ашылған. Сондай-ақ  аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар 700-ден астам бала мен тұрмысы нашар отбасылардың балаларына көмек көрсетілген. Сол қаражатқа 3 000-нан астам маман оқытылып, инклюзивті білім беру саласында 500-ден астам жұмыс орны ашылды және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 100-ден астам білім беру және жол жүру гранттары берілді.