Ералы Тоғжановтың інісі, Бәйтерек ауданының әкімі қол астындағыларды жарты сағат балағаттаған
Ералы Тоғжановтың інісі, Бәйтерек ауданының әкімі қол астындағыларды жарты сағат балағаттаған
© malim.kz
1,938
оқылды
Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов жиын барысында жарты сағатқа жуық қол астындағы қызметкерлерге балағат сөздер айтты, деп хабарлады orda.kz. Әкімдік қызметкерлері бастығының сөзін диктофонға жазып алған. Отырыстың аудиожазбасы 1 сағат 20 минутқа созылады, осы уақыт ішінде әкім «б…ь» сөзін 71 рет, «на…й» сөзін   73 рет айтты, бұл басқаларды есептемегенде солай болып тұр. Әкім Марат Тоғжановтың өзі бұл «әңгімелесу» 2022 жылдың наурыз айында болғанын, сол кезде ауданды су басу қаупі төнгенін және «сөздерді таңдап үлгермегенімен» түсіндіреді. Тоғжанов аудиожазбада аппарат қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдерінен аудандағы су тасқынына қарсы жұмыстың барысы туралы есеп беруін талап етеді. Тоғжанов ауданды су басу қаупі төніп тұрғанда ауыл әкімдерінің резеңке етік емес, аяқкиім киіп, көліктеріне он литр дизельдік отын таппай жүргеніне наразы. Құжаттарды тапсыру мерзімін сақтамағаны үшін аппарат қызметкерлері әдепсіз балағат сөздер естіді. Әкім зейнеткерлікке санаулы күндер қалса да, оларды жұмыстан шығарамын деп қорқытады. Бір ғана мемлекеттік қызметші әкімнен оларға балағат сөз айтпауды өтінді, бұл аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин, бірақ бұл Тоғжановты тоқтата алмады. «Уральская неделя» басылымына Серік Сафиуллин бұл кездесудің есінде жоқ екенін, алайда қол астындағы қызметкерлерге қатысты шенеуніктің бұлай сөйлеуі дұрыс емес екенін айтады. Әкім Тоғжановтың өзі сол жиында этиканың сақталуын қадағалап үлгермегенін, ол үшін ең бастысы аудан тұрғындарының үйлерін су басудан аман алып қалу екенін айтады.
"Сосын мен проблемалық аймақтарды жеке тексеріп, олардың жойылмағанын көрдім, содан кейін барлығын жинап, жиналыс өткіздім. Иә, мен артық кеттім, мен «дөрекі сөздерді» қолдандым, мен заң бойынша бұлай істеуг құқығым жоқ екенін білемін. Бірақ сұл сәтте су басу қаупінің алдын алу міндеті тұрды, маған «дөрекі сөздерді» қолдануға тура келді. Осы кездесуден кейін ауданда бірде-бір үйді су басқан жоқ. Осы дөрекі сөздерім үшін барлығынан кешірім сұраймын", – деді Марат Тоғжанов.
Қылмыстық кодекстің 131-бабына сәйкес қорлау әрекеті үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (306 300 теңге), не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. Айта кетсек, Марат Тоғжанов – бұрынғы вице-премьер, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың інісі.