Тоқаев архитектор, академик Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты
Тоқаев архитектор, академик Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты
© Ақорда
152
оқылды
Мемлекет басшысы архитектор, академик Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Ұзақ жылдар бойы «KAZGOR» жобалау академиясын басқарып, елімізде еңселі ғимараттар мен салтанатты сарайлардың бой көтеруіне сіңірген еңбегі өте мол. Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.