Ерке Есмахан Президенттің әйелі болса, не істейтінін айтты
Ерке Есмахан Президенттің әйелі болса, не істейтінін айтты
870
оқылды
Ерке Есмахан өзінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелі болған жағдайда не істейтінін айтты. Қазақстандық шоу-бизнес өкілінің бұл мәлімдемесі желіні шулатты. Ол бұл жолы оқырманының «Қазақстанда сіздің күйеуіңіз болуға тек Тоқаев лайықты» деген пікіріне жауап берді. Өнер иесінің өзі Instagram желісінің қысқа хикаялар бөлімінде жария еткен пікірде дәл осылай жазылған. Еркенің сөзінше, егер ол Тоқаевтың әйелі болса, атақтың бәрін иеленіп, отандық телеарналардан түспей қоятын тәрізді. Алайда оған өзінің қазіргі қарапайым жігіті мен өмірі ұнайды екен.
"Қасқа, ол кісіге күйеуге шығып алып, атақтың бәрін алып, апта сайын концерт жасап, каналдардың бәрінде тек «Ерке Есмахан» деп жаңалық жасатып қуып кетермін. Көтере алмай қалармын. Осының өзінде әрең жүрмін. Қарапайым жігітім жарайды маған», – дейді әнші.
 width=