Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық отырысы өтті
Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық отырысы өтті
207
оқылды
Бүгінде Астана қаласында ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық отырысы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, өңірлік Қоғамдық келісім кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, өңірлердегі ішкі саясат басқармаларының қызметкерлері қатысты. Отырыста Қоғамдық келісім кеңестерінің осы жылғы жұмысы туралы есептер тыңдалды. Кеңестердің ең белсенді мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» медалімен және алғысхаттарымен марапатталды. Негізі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері - этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, шешімдер әзірлеуге және қабылдауға арналған ерекше қоғамдық талқылау алаңы. Жалпы, еліміз бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 1 925 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Әр деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестері мүшелерінің жалпы саны 15 000-нан асады.