Бастығы жеке чартермен қалаған уақытта Мәскеуге барып ауқаттанады - журналист Қазфосфат туралы
Бастығы жеке чартермен қалаған уақытта Мәскеуге барып ауқаттанады - журналист Қазфосфат туралы
1,052
оқылды
Жамбылдық журналист Нұрадин Рақай кеше ғана өзге ұлт қызметкері жұмысшыларды малға теңеген "ҚазФосфаттың" тағы проблемасын көтерді. 
"Қаз дегенге "ҚазФосфат" қазақтікі емес. Қазбаң біздікі, қожасы жат жұрттық. Өтірік айтам, бізге тиеселі жері бар. Ол одан шыққан шаң тозаң, тау-тау болып үйілген қалдық, қаланы екі күннің бірінде басып қалатын күкірт. Ал эшалон-эшалон фосфорың, бізге бұйыртпайтын тыңайтқыш шет елдікі. Үп еткен жел болса Тараз іргесіндегі үйілген қалдық тозаңынан Шайқорық пен Ұлы дала ауданында көз ашып жүру арман. Түн баласында күкірт исі мұрны бар адам сезеді. Бірақ біздің экологтар басқа жағымен тыныстайды. Бәрі мөлшерде дей салады", - деп жазды журналист парақшасына.
Ол табиғатқа ешкімнің құзыреті жүрмейтініне шүкір дейді. Сол маңдағы төзімді деген 60 жылдық қара ағаш шыбық болып солып қалған. Өсімдікте тіл жоқ. Көрде ой түй.
"Айтсаң арандатушы боласың. Арандамай ақ қояықшы. Бірақ рас қой сондағы қарапайым қызметкерлер екінші сорт боп саналады. Ал бастығы жеке чартермен қалаған уақытта Мәскеу барып ауқаттанады. Әлгінде "РусФосфат" ой "ҚазФосфат" мемлекет меншігіне қайтарылсын деп айтып қалғандарды көз шалды. Жылағым келген соң күлкім келді. Айналайын-ау, алдымен серіктестікке тиесілі саяжайларды реттеп алайықшы. Химик, Победа деген саяжай бар ғой бізде. Кәдімгі қалаға қарайтын аймақ. Бірақ олар ел сияқты жарықты ортақ тарифпен төлемейді. Шатаспасам, киловатына 30 теңге шамасында төлейді. Өйткені тоқ желісі "Қазфосфатқа" қарайды. Өтірік болса Нұржан Нұржігітов тіфу мә деші", - деп ашынады Нұрадин Рақай.
Күнде коопаратив төрайымы светті өшіріп, жарық ұрланған деген желеумен тағы төлем алады екен. Ел тәуліктеп тас түнекте қалады.
"Бірақ біз оны айтсақ арандатушы боламыз. Жаңатастағы жағдай туралы жақ ашпаймыз. Станок екі адамды тырнағын қалдырып турап кетті. Оның алдында тағы қаза тапқандар бөлек гәп. Еееехх. Сабыр, мәселе айқаймен емес ақылмен шешіледі деген әдемі сөзді айтпаңдаршы", - дейді автор.