СҚО-да ер адам әйелді балтамен ұрып өлтірген
СҚО-да ер адам әйелді балтамен ұрып өлтірген
268
оқылды
СҚО-да Советское ауылында үйдің кіреберісінде зорлықпен өлтіру белгілері бар 56 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Кісі өлтірді деген күдікпен осы ауылдың 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның айтуынша, 14 қарашада ол марқұм әйелмен бірге алкогольдік ішімдік тұтынып, араларында жанжал туған. Жанжал барысында ер адам әйелді ұрып-соққан. Әйелдің денесін 17 қарашада анасының жағдайын біліп қайтуға келген қызы анықтады. Ол телефон қоңырауларына жауап бермеген. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары қолға алынды.