16 автокөлік берілді
16 автокөлік берілді
265
оқылды
Маңғыстау облысында «AMANAT» партиясының өңір бойын­ша сай­лауал­ды бағдарламасын іске асырудың Жол кар­тасы аясында облыс-тық По­лиция департаментіне 16 қыз­меттік автокөлік берілді. 23 қараша күні Полиция департа­мен­тінің алаңында департамент бас­ты­ғы полиция генерал-майоры Аян Дуй­сем­баев қызметтік ав­токөліктердің кіл­тін табыстады. Барлық автокөліктер за­манауи арнайы техникамен, бей­не­тіркеуіштермен және навигациялық жүйе­лермен жабдықталған. JPS жүйесі ар­қылы көліктердің қай бағыт­та жүрге­ні орталықтан бақыланады. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларына 6 дана «НИВА» мар­ка­лы автокөлігі және патрульдік по­ли­ция батальоны қызмет­керлеріне 10 дана Chevrolet Cobalt автокөліктері берілді. Жаңа автокөліктер азаматтардың қо­ғам­дық қауіпсіздігін сақтауға, қыл­мыс­тарды ашуға, құқықбұзушыларды ұстау және облыс орталығы мен аудандарда көшелерді патрульдеу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға септігін ти­гізеді.