Бюджет заңнамасының түзетулерімен келісті
Бюджет заңнамасының түзетулерімен келісті
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар агломерацияларды дамыту және оған ілеспе түзетулер туралы заң жобасын бірінші оқылымда, алқабилер қарайтын істер санаттарын кеңейту және Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар мәжілісмендер үш ратификациялық заң жобасы мен «Республикалық бюджет туралы» және «Республикалық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобаларына Сенат енгізген түзетулерді мақұлдады. «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы Мәжілістің жұмыс топтарында 7 қазаннан бері талқыланып жатыр Күн тәртібінде бірқатар заң жобасы рати­фикация­ланды. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істердің санаттарын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Жоба бо­йынша заңнама және сот-құқықтық реформа ко­митетінің мүшесі Берік Бекжанов баяндама жасады. Сондай-ақ депутаттар кейбір заңнамалық ак­тілерге Мемлекет басшысының жекелеген тапсыр­маларын орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенаттың қарауына жолдады. Мәжіліс 10 жаңа заң жобасын жұмысқа қа­был­дады. Сонымен қатар мәжілісмендер «Республикалық бюджет туралы» және «Республикалық және облыс­тардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы 2023-2025 жыл­дарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің кө­лемі туралы» заң жобаларына Сенат енгізген тү­зетулерді қарап, мақұлдады.