Медициналық нысандар қайта жөндеуден өтеді
Медициналық нысандар қайта жөндеуден өтеді
Ақтөбе облысының маңын­да орналасқан ауылдардағы медициналық нысандар қай­та жөндеуден өтеді. Өңір басшысы Ералы Тоғжа­нов­тың төрағалығымен өткен жиын­да ауылды жерлердегі меди­циналық мекемелерді қайта жаң­ғырту мәселесі қаралды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірдегі барлық ауылда меди­циналық мекеме бар. Дегенмен 48 ауылдағы медициналық нысан бейімделген орындар мен ғима­раттарда орналасқан немесе жаңар­туды қажет етеді. Аймақ басшысының айтуын­ша, бұл мәселені шешу үшін ауылды округтердің аумағында жұмыс істейтін ірі кәсіп­орын­дардың медициналық пункттеріне халыққа қызмет көрсету үшін мем­лекеттік тапсырыс беру мүмкін­дігін қарастыру қажет. Бұдан басқа, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану үшін фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың жаңа ғимарат­тарын салу кезінде үлгілік жобалар пайдаланылуы тиіс.
«Ауыл аманаты» жобасы ая­сында ауыл тұрғындарының табы­сы мен әл-ауқатының деңгейін жақсартумен қатар, медициналық көмекті қолжетімді ету – басты міндеттер қатарында. Сондай-ақ сапалы байланыс және интернет­пен қамтамасыз ету, шағын жинақталған ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттыру мәселесі жүйелі түрде шешілуде. Біздің мақсатымыз – ауылды өр­кендету, бұл – бүкіл өңірді дамы­тудың кепілі», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Бұдан өзге, жиын барысында облыс әкімі су ресурстарын пай­далану бойынша нақты тапсыр­малар берді. Атап айтқанда, жаңа су шаруашылығын дамытуға қатысты облыстық жол картасы бекітіледі, онда жаңа бөгеттер мен су қоймаларын салу, қолда бар су нысандарын күтіп-ұстау жөніндегі шаралар көзделмек. Сондай-ақ Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласының қазіргі таңда әзірленіп жатқан дендрожоспарын талқылау барысында өңірді көгал­дандыру және экологиясын жақ­сарту жөнінде Жол картасын әзір­леуді тапсырды. Құжатта об­лыс орталығын көгалдандыруға баса назар аударылатын 9 учаске көрсетілген. Дендрожоспарда әр учаскедегі топырақтың сипат­тамасы, ағаштар мен көшеттердің егуге ұсынылатын түрлері туралы ақпарат бар.
«Аумақтарды көгалдандыру бойынша жүйелі жұмыс істейтін кез келді. Уақытылы қаржылан­дыруды қамтамасыз ету үшін бір аптаның ішінде қай жерде, қандай көлемде өсімдіктің қандай түрлері егілетінін бекіту қажет. Өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес көгал­дандыру жұмысына белсенді түрде қатысуы және бұл бағыттағы бар­лық жұмысты жергілікті атқарушы органдармен жоспар­лап, келісуі тиіс. Дендрожоспар – үлкен экологиялық жобаның кішкене ғана бөлігі. Онда ауа сапасын жақсартуға қатысты сұрақтар мен полигон мәселесін шешу де қаралады», – деді облыс әкімі.
Өңір басшысы қажетті нә­тижеге қол жеткізу үшін орын­далуы тиіс тапсырмалар тізімі көрсетілетін Жол картасын қысқа мерзімде әзірлеу қажеттігін айтты.