Алматылық өрт сөндірушілер 2 жасар бүлдіршінді өрттен құтқарып қалды
Алматылық өрт сөндірушілер 2 жасар бүлдіршінді өрттен құтқарып қалды
343
оқылды
Алматыда өрт сөндірушілер 2 жасар мүгедек баланы өрттен құтқарып қалды. Бұл туралы белгілі қазақстандық спортшы, аралас жекпе-жек шебері Ардақ Назаров өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Спортшы Бостандық ауданының өрт сөндірушілеріне арнап жазба қалдырды. Оның айтуынша, олардың жедел іс-қимылдарының арқасында екі жасар мүгедек қыз бала мен бір отбасы тұтас аман қалды.
«Спортзалға кіріп, бір сағаттай жаттығып шыққанымызша қасымыздағы пәтер өртеніп, біздің өрт сөндіруші батырларымыз отты толық сөндіріп, екі жасар мүгедек баланы және бір отбасын құтқарып қалыпты. Өрт шыққан пәтердегі азаматтар, ысқа тұншыққаннан ба, ұйықтай берген. Егер өрт сөндіруші батырларымыз келмесе, екі отбасы қайғылы жағдайға ұшырар ма еді? Екі жасар мүгедек баланы өрттен аман алып шыққан жігіт – Алматы қаласы  Бостандық ауданының өрт сөндіруші маманы Әділ Еркінұлы. Бастарын бәйгеге тіккен батыр жігіттердің еңбегі бағаланса екен»,– деп жазды спортшы Instagram парақшасында.