Елордалық полицейлер қылмыс әлемінің «авторитетін» тұтқындады – видео
Елордалық полицейлер қылмыс әлемінің «авторитетін» тұтқындады – видео
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, қылмыстық әлемнің «авторитетін» ұстады, - деп хабарлады Polisia.kz. Олар биыл сәуір айында елорданың түнгі клубтарының күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін болған жанжалға қатысуы мүмкін деген күдікпен ұсталды. Аталған жанжал кезінде атыс қаруынан екі адам жарақат алған болатын. Бұдан бөлек, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген қылмыс бойынша қылмыстық топтың басшысы ұсталды. Күдіктілер қамқорлық көрсетуге және Ақмола облысының бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген, төлем ретінде өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге тұратын екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына рәсімдеуге көндірген. https://www.youtube.com/watch?v=gIB46adldek&ab_channel=mvdkontent Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды және олардың басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.