Оқушылар мұғалімнің өздеріне күш көрсеткен сәтін байқатпай видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялаған. Аталған оқиғаны Жаңаөзеннің білім бөлімі бақылауға алды. Қазір арнайы комиссия құрылған. Енді тексеру қорытындысы бойынша қажетті шара қабылданады. Іс полицияда ҚР ҚК-нің 140-бабы «Педагогтің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы» бойынша тіркелді. Оқушыларға қол көтергені үшін мұғалімге 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.