Германияның астанасы Берлинде басталған мерейтойлық 70-кинофестивальде Kazakh Cinema Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының стенді алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.
2020 жыл әлемнің ең көне кинобайқауларының бірі үшін мерейтойлық жыл болды, сонымен қатар Берлинде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Атап айтар болсақ, биыл фестиваль алғаш рет соңғы 18 жыл бойы жыл Берлиналенің бас директоры қызметін атқарып келген Дитер Коссликтің қатысуынсыз өтеді. Оның лауазымы осы алаңның 70 жылдық тарихындағы алғашқы әйел-директор болып отырған Мариетте Риссенбекке бұйырды. Байқаудың көркемдік жетекшісі лауазымын бұрын Локарнодағы кинофестивальдің бас директоры қызметін атқарған Карло Шатриан иеленді.
Өкінішке қарай, биылғы жылы қазақстандық көрсетілімдер фестивальдің ресми бағдарламаларының ешқайсысында ұсынылмады. Алайда, біздің төрт отандасымыз жас кинематографистерге арналған әртүрлі білім беру секцияларына Қазақстан атынан қатысатын болады. Атап айтқанда, продюсер Юлия Ким мен композитор Ақмарал Зықаева (Мерген) Berlinale Talents бағдарламасына қатысатын болса, режиссер Ольга Коротько Script station секциясына іріктеліп, кастинг директор Надин Цой ең ірі бейіндік ұйым болып табылатын Халықаралық кастинг-директорлар қауымдастығына кірді.