Доллар бағамы 0,52 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы 0,52 теңгеге төмендеді
Фото: yakutsk.ru
571
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 1 доллар 465,38 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 465,95 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 467 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу – 466.