Eurasian Resources Group (ERG) Рудный қаласында 1 200 орындық жалпы білім беретін мектеп салуды, Қостанай облысындағы білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін арнайы курстар мен оқыту семинарларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл мақсаттарға ERG 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлуді көздеген. Өзара түсіністік туралы Меморандумға бүгін ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды.
– Біз «туған қалаларымыздың» әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру қамында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – ERG ұзақ жылдары бойы алуан түрлі әлеуметтік бастамалар мен жобаларды тұрақты қолдап келеді. Бұл жолда тек осы өңір тұрғындарына өмір сүруге қолайлы орта қалыптастырумен шектелмей, ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде қазақстандықтардың жаңа буыны жеке тұлға ретінде үйлесімді өсіп, өрлеуіне барынша ықпал ету керек. Нақты білім беру – тұлға қалыптастырудың түпкі іргетасы. Білім берудің лайықты деңгейін қамтамасыз ете отырып, біз қазақстандықтардың бүтін бір жаңа буынының адам капиталын дамытуға сүбелі үлес қосамыз, – деді ол.