Футболдан ӘЧ-2022: тағы бір сенсация болды
Футболдан ӘЧ-2022: тағы бір сенсация болды
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының екінші туры аясында Иран құрамасы Уэльсті 2-0 есебімен жеңіп кетті.
Рузбех Чешми мен Рамин Резаян гол соғып, өз командасына жеңіс әкелді. Уэльс фаворит командалардың бірі ретінде бұл ойынға кіріскен еді, сондықтан ирандықтардың мықты тойтарысы олар үшін тосынсый болды. Осылайша Иран 3 ұпаймен В тобында екінші орында, Уэльс бір ұпаймен соңғы орынға орнықты.