Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі бала азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады
Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі бала азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады
247
оқылды
Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі бала азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады. 24 қараша күні сағат 14:10 шамасында белгісіз екі адам дүкенге кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан ақша мен әйелдің әмиянын алып кеткен. Белгілері бойынша қылмыскерлердің фотороботы жасалды. Күдіктілер ұсталды, олар кәмелетке толмаған болып шықты. Осы факті бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.