Дамир Ысмағұловтың келесі айқасы қашан болатыны жарияланды
Дамир Ысмағұловтың келесі айқасы қашан болатыны жарияланды
341
оқылды
UFC қазақ файтері Дамир Ысмағұловтың келесі айқасының датасын жариялады, – деп хабарлайды Sports.kz. UFC Russia өзінің Instagram парақшасында Ысмағұловтың армян спортшысы Арман Царукянға қарсы өтетін келесі жекпе-жегі қашан болатынын жариялады. Файтерлер арасындағы айқас UFC Vegas 66 турнирінде 18 желтоқсан күні өтпек. Лигада қатарынан бес мәрте жеңіске жеткен Дамир Ысмағұлов промоушеннің жеңіл салмақ санатындағы рейтингісінде 12-орында тұрса, Царукян тоғызыншы болып тұр. Айта кетейік, екі файтердің де менеджері – қазақстандық Саят Әбдрахманов.