«АМАNАТ» партиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Президенті-нің кезектен тыс өткен Президент сайлауының қорытындысына бағытталған кездесулер жалғасуда. Кездесуге «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және спортшы жастар қатысты. Жиын барысында бұл жолғы саяси науқанның ерекшеліктері сөз болды.
«Сайлауда өңір тұрғындары белсенділік танытып, 80 пайыздан астамы дауыс берді. Бұл дегеніміз – облыс тұрғындарының саяси белсенділігінің жоғары екенін және ел болашағына бейжай қарамайтынын аңғартады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың өмірлік белсенділігін арттырып, олардың ел тағдырына араласуын жоғары деңгейге жеткізу және қоғамның пікірін алдыңғы орынға қою, халықтың мемлекеттік істерді басқаруға қатысу құқығы мен билік органдарының халық алдындағы есептілігін кеңейту туралы реформаларынан халқымыз көп үміт күтеді. Бүгінде бұл реформаларды іске асыру жұмыстары басталып та кетті», – деді Ғаппар Амантайұлы.Ендігі уақытта осы реформалардың логикалық жалғасы болып табылатын Президенттің алдағы 7 жыл ішінде сайлауалды уәделерді жүзеге асыру міндеттері тұрғаны да атап өтілді. Сондай-ақ кездесу соныңда қонақтар жиын қатысушыларына алғыс білдіріп, елдің амандығын тіледі. Сонымен қатар Арыс қаласында білім саласының қызметкерлерімен де кездесу ұйымдастырылды. Қалалық мәслихат депутаты, саяси кеңес мүшесі Г.Молдашева сайлау нәтижесіне байланысты пікірімен бөлісті. «Халықтың сайлауға көптеп келуі – Әділетті Қазақстанды таңдаудағы ұлт бірлігінің көрінісі» деген ойын жеткізді. Жиналған ұжым да Қ.Тоқаевтың реформалары арқылы елдегі өзгерістерге сенім білдірді.