Ахметке арналған акция аяқталды
Ахметке арналған акция аяқталды
417
оқылды
Ұлттық академиялық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы қорытындыланды. Бұл жоба 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы базасында өткізіліп келеді. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның оқу­ға деген қызығушылығын арт­тыру, сондай-ақ өскелең ұр­пақ­тың зияткерлік-рухани да­муына ықпал ету. 2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық ак­­циясы аясында мемлекет қай­раткері, ғалым, ақын, публицист, ағартушы және реформатор Ахмет Байтұрсынұлының ғы­лыми және әдеби шығармашы­лы­ғы насихатталды. Осылайша, «Бір ел – бір кітап» акциясына сәйкес елімізде Ахмет Бай­тұр­сынұлының шығармашылығы «Ахмет Байтұрсынұлының ғы­лыми мұрасы»,«Ахмет Бай­тұр­сынұлының әдеби шы­ғар­ма­лары», «Ахмет Бай­тұрсын­ұлы­ның қанатты сөздері мен сөз тір­­­кестері»,«Қазіргі ғылымдағы бай­тұрсынтану» бағыттары бо­йынша зерттелді. Ал 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді. Сонымен қатар «Бір ел – бір кі­тап» акциясының балаларға ар­нал­ған бөлімін ашу қарас­ты­рылуда. Шараға жазушы Әлібек Ас­қар, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов пен Белорусь Жазушылар одағы тө­ра­ғасының орынбасары (белорус елі)Елена Стельмах, Ресей мем­лекеттік кітапхана­сы­ның бас директоры (РГБ) Вадим Дуда, М.Рудомино атындағы шетелдер әдебиеті кітапханасы бас ди­ректорының орынбасары Мария Белоколенко, Беларусь Рес­публикасы Ұлттық кітап­ха­на­сының бас директоры Оксана Книжникова, Тәжікстан Рес­пуб­ликасының Ұлттық кітап­ха­насы, Қырғыз Республика­сының Халықаралық универ­ситеті, Қырғыз Республика­сы­ның Ұлт­тық кітапханасы, С.Мұқанов атын­дағы Солтүстік Қазақстан об­лыстық әмбебап ғылыми кі­тап­ханасының ди­ректоры Бей­біткүл Әбілмәжінова және зиялы қауым өкілдері, қала қонақтары мен кітапхана оқырмандары қа­тысты.