Көпен келе жатыр...
Көпен келе жатыр...
324
оқылды
  Шота

ДАҒДАРЫС Сәулетшi Шота-Аман УӘЛИХАНҒА

Сiздер Шотаны бiлесiздер ме? Шота! Жо-жоқ, грузиннiң Шота Руставелиi емес. өзiмiздiң Шота! Сәулетшi, суретшi, мүсiншi Шота-Аман Уәлихан ше? Сол ағам әнеукүнi жеңiмнен ұстап жетектеп шеберханасына шақырды. Жол-жөнекей: – Мен су жаңа мақал шығардым! – дедi. – Тыңда! «Судың төресi – минерал, Солдаттың төресi – генерал». Қалай, ұйқаса ма? – Ойпырмай, Шөмiшбай шайырды құдай сақтаған екен. Сiз ақын боп кеткенiңiзде оған нан жоқ едi. – Шөмiшбайың не-ей сенiң? Бұхар жырау аузыңа түспедi ме? Тағы бiр мақалым бар. Тыңда! «Төбесiз жер болмайды, Төресiз ел болмайды». Во! Бас бармағын қайқайтқан күйi шеберханасына алып барды да, жасап жатқан жаңа ескерткiштiң жобасын көрсеттi. Тас тұғырдың үстiнде екi қолы ербиiп, бұты талтайып, өзi тоңқайып, өңi суық өңкиген шал тұр. Түк түсiнсем бұйырмасын! – Бұл кiм, аға? – дедiм таңырқап. – Атамның ескерткiшi. – Қай атаңыз? ДАҒДАРЫС Сәулетшi Шота-Аман УӘЛИХАНҒА – Тезек төре. – Төренi неге тоңқайтып қойғансыз? – Негiзi, атамның астында аты болуы керек едi. Қазiр кризис... Дағдарыс! Атын салуға ақша жоқ. Сосын солай боп қалды.  

2009 жыл

  Шерхан Мұртаза

БIР КЕМ ДҮНИЕ-АЙ! Халық жазушысы Шерхан МҰРТАЗАҒА

Пойызға мiнсем... Мәссаған! Екi кiсiлiк купеде Шерағаң отыр. Кәдiмгi Шерхан Мұртаза. – Ассалаумағалейкум, аға! Жол болсын?! – Таразға барам. Өзiң ше? – Шымкентке. Пойыздың «гө-ө-өк» дегенiнде кө-ө-өп гәп бар... Алматыдан ұзап батысқа қарай бағыт алған пойызымыз «дiгiдiкке» басты. Дiгiдiк дiк-дiк, дiгiдiк дiк-дiк. Жүйткiп келедi. – Бiр әдемi келiншек бесiншi вагонға мiндi. Соны шақырып келшi! – дедi Шерағаң. – Аты кiм, аға? – Бiлмеймiн. Бағана вокзалда кездесiп, қолтаңба сұрады. Сөзiнiң нобайына қарағанда, менiң бiраз кiтабымды оқыған сыңайлы. Қиянды кезiп қызыл түлкi iздеген аңшыдай бесiншi вагонға беттедiм. «Түлкiнiң қызылы – өзiнiң соры» деген рас-ау. Әдемi болмаса әлекке түсе ме? Кәмпит дәметкен бала секiлдi әр купеге телмiрiп, әдемi келiншектi жобалап жүрiп таптым-ау. – Сiздi Шерағаң шайға шақырып жатыр! – дедiм. – Менi? – Иә. – Ыңғайсыз емес пе? Бармай-ақ қояйыншы! – дедi. Кез келген еркектiң бiрiншi ұсынысына бiр рет «отказ» беру – әр әйелдiң мiндетi. Әдемi келiншек өз мiндетiн орындап, бiр рет «отказ» жасады. БIР КЕМ ДҮНИЕ-АЙ! Халық жазушысы Шерхан МҰРТАЗАҒА – Бармасаңыз ыңғайсыз болады, – деп мен де тықақтап қоймадым. – Жүрiңiз, меселiн қайтармаңыз. Үлкен кiсi ғой. – Солай ма? – Солай!.. Бiттi. Ендi «отказ» жоқ. Мен – паровоз, ол – вагон, iркес-тiркес iлестiрiп Шерағаңа әкеле жатыр ем, бетiнiң қыртысы көп, аузының бiр тiсi жоқ кем иек кемпiр қарсы жолығып: – Шырағым, жүзiң таныс. Қай баласың? Әлгi әзiлкеш бала емессiң бе? – дедi. Басымды изедiм. – Е, айналайын-ай! Жақсы жолықтың ғой. Ауылдың жағдайын айғайлап неге айтпайсыңдар, түге?   – Апа-ау, айғайлап сөйлейтiн адам iздесеңiз мына вагонда Шерхан Мұртаза келе жатыр. – Тiк тұрып тiстенiп сөйлейтiн депутат Шерхан ба? – Иә! Жүрiңiз, со кiсiге жолықтырайын. Әжемдi, әдемi келiншектi «Күте тұрыңыздар!» деп есiктiң ернеуiне кiдiртiп қойдым да, Шерағаңның купесiне сойған түлкiдей ыржиып жалғыз кiрдiм. – Таптың ба? – дедi. – Таптым. – Қайда? – Сыртта тұр. Ағамның ажары жүзiн жуған қауындай қызарып, қобыраған шашын қолымен тарақтап, қалыңдығын күткендей қатты қопаңдады. Әзiл болсын деп әжемдi әдейi жеке кiргiздiм. Шүйкедей кемпiр шүлдiрлеп: – Әй, Шерхан шырағым, амансың ба? – деп есiктен енгенде, екi көзi тас төбесiне шықты. «Мынауың не?!» дегендей маған ажырая қарады. – Ескi заманның ең әдемi келiншегi осы емес пе? – дедiм өтiрiк аңқаусып. Әжемiз әңгiменi әрiден қозғап, Шәкеңнiң миын шайқады. «Дұрыс, апа, дұрыс!» деп шыбындаған аттай басын қайта-қайта шұлғып, кемпiрден әрең құтылғасын: – Адам өстiп те қалжыңдаса ма?! – дедi ызғарланып. Iле-шала лып еткiзiп ең әдемi келiншектi енгiзгенiмде, емiзiк көрiп жылағанын қоя салған баладай сап тиылды. «Екi ғашық қол ұстасып оңаша отырсын» деп жағдай жасағансыдым да: – Аға, таңертең Таразда жолығамын! – деп кетуге ыңғайландым. «Отыр!» деген жоқ. Сiрә, қарамды көрсетпей қайтқанымды қалап тұр. Жолсерiктермен келiсiп, көршi купеге жайғастым. Таңға таяу Таразда оянып, Шерағаңды шығарып салдым. – Қарындас, ағаңды өкпелетiп, томпитып қойғансың ба, неге солғындау қоштасты? – дедiм тамырын баса сөйлеп. – Ағамның ер екенiн бiлсем де, серi екенiн бiлмеппiн, – дедi әдемi келiншек жымиып. – Не, құда түстi ме? – Жо-оқ, әңгiмесiнiң әуенi солай. Әуелi әдебиет төңiрегiнде сырластық. Пiкiрлестiк. Шай iштiк. Жiпсiдiк. Сөзiмiз жарасқасын жiбектей есiлiп, жiгiттей қырындады. Бiрте-бiрте буыны босай бастағасын: – Ағай, күйеуiме ант бергем. Антымды қалай бұзам?! – дедiм. Сол сол-ақ екен: – Ант?! Айналайын-ау, ант деген немене? Еуропаға елiктеп өз заңымызға да өзгерту енгiзiп жатқан жоқпыз ба? – дедi қабағынан қар жауып. Сөз саптауына қарағанда, әдемi келiншек өз «заңына» өзгерту енгiзбеген сияқты. ... Бiр кем дүние-ай!  

2005 жыл

 

ШерханСОЛАЙ ДА СОЛАЙ! Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, Халық жазушысы Шерхан МҰРТАЗА туралы

БIРIНШI СЕРИЯСЫ Мәртебелi мырзалар! Бiраздан берi Жанымды жегiдей жеп жүрген құрт бар. Әрине, оны түсiнетiн де, Түсiнбейтiн де жұрт бар. 10 ЕКIНШI СЕРИЯСЫ Мырзалар! Жалпы, Жаманшылық ойлағандардың Арқасына алты қотыр, Желкесiне жетi қотыр шықсын. Қасиын десе қаны шықсын, Қасымайын десе жаны шықсын. Жүзге бөлiнгеннiң жүзi күйсiн! Солай ма, Қалаубек мырза?! – Шерхан-ау, саған халқың ырза. Сен бүкiл түркiге туыссың. «Руға бөлiнген у iшсiн!» – Солай ма, Мұса мырза? – Солайы – солай! Ештеңе жоқ оңай. «Бөлiнгендi бөрi жесiн, Айрылғанды аю жесiн!» – Солай ма, Толымбек мырза? – Шераға! Құдайдың құтты күнi Айтып жүрсiз дуалы ой. «Ұлт пен сана», «Ұлттық парыз» – Бәрiне де куә ғой. Қарға тамырлы қазақпыз, «Қарына тартпағанның қары сынсын!» – Солай ма, Әмiрхан мырза! – Шераға! Аса құрметтi Шераға! «Табалдырықтан биiк тау жоқ». Бiз тұрғанда сiзге келер жау жоқ. Алайда, Абай айтқандай: «Қазақтың жауы – қазақ». Турасын сөйлеп туғанына жақпайтын Сiздей қазақ аз-ақ! Аз! Өте-е-е аз, Шераға!.. – Сырт көз – сыншы: «Шерхан Тынысты бiледi, Тыныс жұмысты бiледi» Деп тақпақтайтын көрiнедi. Тыныс мырза, Сiз бұ гәпқа «нима» дейсiз? – Шераға! Тесiк ауыз тек тұрмайды. Не бiрдеңе жеп тұрады, Не бiрдеңе деп тұрады. Қай ауыздың қақпағы бар? Бiздiң өзбек ағайындардың да тақпағы бар. Былай: «Дар хакихат, битта одамнинг Битта қолтигиға Ихта таруз сиғмайди» деп гәпырады. Әй, олар да қатырады! Қазақшасы: «Бiр қолтыққа екi қарбыз симайды» дейдi. Сиғанда қандай! Сiздiң қолтығыңызға бiреу емес, Бiрнеше қарбыз сиып жүр. Мәселенки, әлгi Әмiрхан, Қалаубек, Мұса, Толымбек, Жамбыл, Рафаэль... Тағы да бiр-екi әйел. Олардың орынбасары бар. Барлығы да бiр қолтыққа сиып жүр. Айтқан сөзiңiзге айрандай ұйып жүр. – Ендеше, Жақсы журналист – ырыс, Жаман журналист – ұрыс. Солай ма, Тыныс?.. – Дұрыс, Шераға, дұрыс! – Дұрыс болса дұрысымыз, Бүгiн бiттi бiр iсiмiз. Мен Президентке кеттiм, Жұмысыңызға кiрiсiңiз!..   ҮШIНШI СЕРИЯСЫ Мәртебелi мырзалар! Тiл туралы қашанғы таласамыз? Андай-мұндай, Әжiк-күжiк, Пыти-сыти деп, Отырып ап бал ашамыз. Қара суды Қанша сапырсаң да май шықпайды. Тас маңдайымдағы әжiмдi Тұрар Рысқұлов туралы жазған Бес кiтабым айшықтайды... Ешқашан ергенiм жоқ Бiр ағындарға. Не дейсiң, қарындас? Сұрағың бар ма? Айта ғой. – Ағай, бұ қазақта Сiзден өткен iрi жоқ дейдi. Арақ iшпейдi, Темекi тартпайды, Қыз-қырқынға қыры жоқ дейдi. Рас па? – Ай, мына қыз мұңайтты. Менi еркек емес деп кiм айтты? Менi бiреулер: «Тарпаң! Ашушаң депутат!» деп кiнәлайды. Маған ол пiкiр ұнамайды. Аш адам ашушаң келедi. Ауыл-ел аш болса, Ашушаң болмай не етерсiң? Бiр көзiң айға қарап, Бiр көзiң сайға қарап «Нервный» боп кетерсiң. Бұ қазақ Кетiп бара жатса да құр кетпейдi. Бiреулер менi: «Тоң! Бiрбет!» дейдi. Құдай екi жүздiден сақтасын! Халықтың нанын жегесiн, Оның қамын да жеу керек. Ел үшiн кеуделеп, Әлiмдi жиып тiрнектеп... Сонда менi «Бiрбет!» деп, Атағаны ма құрметтеп? Түсiнiксiз!... Қазiр не көп, Өзiңнен бетер зор көп. Қазiр не көп, «Ананы қорғау, Мынаны қорғау» туралы қор көп. Мен таң қалам! Бұ қазақ әуелi қорлайды, Сосын барып қорғайды. Тұрар Рысқұловты қорладық па? Қорладық. Әрi итерiп, берi жығатын Қазақ деген зор халық!.. ТӨРТIНШI СЕРИЯСЫ Вы хотите что-то сказать? Кто вы? Безработный? Да-а, сочувствую! Но-о, политика – дело тонкое. Я скажу образно: «Правительство – паруса, народ – ветер, государство – корабль, время – море». Если государство – корабль, то мы политики – матросы его. Я тоже матрос. Есть еще вопрос? Вообще, вопросы пора задавать на государственном языке. Олжас Сулейменов знает «Тысячу одно слово». И даже мэр города Алматы Виктор Храпунов знает такие слова, как «Айналайын», «Рахмет» и «Кө-өп рахмет!..» Последнее убежище негодяя – политика. Я – писатель! Зачем я полез в политику? Для того, чтобы одним негодяем было меньше в политике. Наш корабль, несмотря на шторм инфляции и всякие девальвации, уверенно держит курс к дветысячи тридцатому году. Я с радостью встречу эту дату, тем более мне тогда, в дветысячи тридцатом году, стукнет 99 лет.

2002 жыл

Олжас

ОЛЖАС «О, КЭЙ!» ДЕЙДI Ақын Олжас СҮЛЕЙМЕНОВКЕ

– Иншалла, я говорю по-казахски. На всемирном курултае в прошлом году я обратился к участникам тоже по-казахски начав со слова «бисмилла». Это произвело. Колбин обещал: за один год овладеть казах­ским, но не успел. Я не обещал, но выполнил. Вы называете меня «русскоязычным» поэтом и обвиняете в том, что я не понимаю тонкостей казахского языка. Напрасно. Вождь революции говорил: «Коммунизм – это советская власть плюс электрификация всей страны». Но, оказалось, не только электрификация, но и русификация всей страны. Телеграфные столбы русификации всюду, с ними сталкиваешься на 13 каждом шагу. Вы помните загадку: «С когтями, а не птица, летит и матерится». Отгадка: электро-монтер, свалившийся со столба. Говоря образно, столб – это русский язык, а мы – монтеры. Только не надо материть столб. Что толку? Столбу все до фонаря. Когда я высказал эту мысль, многие возмутились: «Олжас, саган не болды-ы-ы? Что с тобой случилось?» Со мной все о,кэй! Посол болдым. А что с вами, айналайын казахи? До сих пор поднимаете проблемы казахского языка, еще продлив срок на десять лет. Рассказывают, как один аксакал в доме отдыха открыл чужую дверь и увидел спящую молодуху. Грудь была обнажена, и он стал пальцами мять ей сосок. Ну, анарының ұшын уқалайды. Молодуха проснулась, спрашивает: «Ой, ата, не болды?». А старик отвечает: «Ловлю станцию «Маяк» из России. Да не могу настроиться». Кое-кто из нашей интеллигенции напоминает мне героя этого анекдота. Делает одно, говорит другое. Ищет «Маяк» на чужой груди. Еще один пример. Как-то сосед обратился к Ходже Насреддину: «Дай, говорит, аркан, на время». Ходжа отвечает: «Мой аркан заболел». Удивился сосед: «А аркан разве может заболеть?». «Может, – отвечает Ходжа. – Особенно, если хозяин не хочет отдавать». Сейчас развелось множество демократов: Ходжа Насреддинов, не желающих бросить народу даже кончик аркана, чтобы вытянуть его из бездны нищеты. На просьбу они отвечают «Аркан захворал». Я сказал до обеда чиновникам: «Научитесь хотя бы здороваться «Ассалаумагалейкум, аксакал!» А они после обеда была-а-ай амандасады: «Привет, саксаулы!». Иншалла, по знанию государстенного языка Олжас Сүлейменов – аксакал, всех чиновников обскакал... Мне не нравятся некоторые казахские пословицы и поговорки. Ну, макал-мател! Например: «Таспен ұрғанды-ы-ы аспен у-у-ур!» Зачем? Я бы сказал иначе: «Таспен ұрғанды-ы-ы таспен у-у-ур!» Или другой пример: «Кiсi елiнде султан болғанша, өз елiңде ултан бо-ол». Зачем, ултан бо-ол? Я бы сказал: «Чем быть на чужбине султаном, лучше быть на родине Нурсултаном!...» Сау бо-ол! Чао!  

1994 жыл