Сайлау сәтті өтті
Сайлау сәтті өтті
299
оқылды
Сергей ЦЫРУЛЬНИКОВ,  Төрт дүркін әлем чемпионы:Сайлау – бұл мен үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды кезең. Өйткені біздің еліміздің даму бағыты, халқымыздың тағдыры дәл осы сәтте шешіледі. Менің ойымша, халқымыз дұ­рыс таңдау жасады. Тарихи оқиғаға, саяси науқанға халық қызу дайындықпен қатысты. Әр­қайсысы Қазақстан азаматы ретінде белсенділіктерін көрсетіп, таңмен таласа дауыс бе­руге асықты. Сайлау өз мәресіне жетті. Нәтижесі көпшілік күткендей болды. Енді оның қоры­­тындысы бойынша билік пен халық болып үлкен істерді, ауқымды жобаларды жүзеге асыруы­мыз керек. Сәтті өткен сайлау нәтижесі арқылы елдің саяси белсенділігі артып, қоғамда тың серпілістер сезілетіні анық. Себебі біз халық болып өзіміз қалаған басшыны сайлап алдық. Елдің тұтастығы мен бірлігін сақтасақ, алдымызда қуатты Қазақстанды жарқын болашақ күтіп тұр. Сайлауда белсенділік танытқан әр азамат өз Отанын, тәуелсіз Қазақстанын мақтан тұтқаны анық. Біз жаңа Президентімізбен біргеміз!