«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі және Өңірлік даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері «Жан Арай» ЖШС-да ауыл шарушылығы саласының өкілдерімен кездесті. Жиында Қазақстан Президентінің кезектен тыс өткен сайлауының қорытындысы қаралды. Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов сала өкілдеріне сайлау науқанына белсенді қатысып, Әділетті де Қуатты Қазақстан үшін таңдау жасағандарына алғыс білдірді. Аймақтық экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Бақдәулет Махашов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы саласына қатысты алдағы 7 жылға жоспарланып отырған бірқатар шаруаны тілге тиек етіп, еңбек адамдарына жасалатын қамқорлық жайын айтты. Жиында сала өкілдері аталған бағдарламалардың жоғары деңгейде жүзеге асырылатынына сенім білдіріп, алдағы уақытта да ел игілігі үшін жасалатын реформаларға белсенді атсалысатынын жеткізді.