Павлодарда Miras өтті
Павлодарда Miras өтті
219
оқылды
Павлодар облысында Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту бойынша Miras қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Қоғамдық кеңесте 2022 жылғы 20 қарашада өткен Президент сайлауының қоры­тынды нәтижесі талқыланды. Қо­ғам­дық кеңестің төрағасы Жарқынбек Аман­тай бюллетеньдерде барлығына қар­сы бағанның қосылғаны еліміздің де­мократия жолында жасаған үлкен қа­дамы екенін атап өтті. Сондай-ақ кеңес мүшелері биылғы сай­лау нәтижесі сайлаушылардың учас­ке­лерге жоғары көрсеткішпен келуімен ерек­шеленгенін сөзге тиек етті. Бұл де­ге­німіз халықтың ел болашағына бей­жай қарамай, қазіргі Президентімізге үміт артады дегенін білдіреді. Кеңестің қорытындысы бойынша кеңес мүшілері халықпен үгіт-насихат жұ­мыстары кезінде жиналған Miras қо­ғамдық кеңесінің құзыретіне енетін та­лап-тілектер мен ұсыныстардың орын­далуын жіті бақылауға алу қажет­ті­лігі туралы шешім қабылдады.