«Қазақ Барбиі» бас жүлде алды
«Қазақ Барбиі» бас жүлде алды
336
оқылды
10 жастағы Рамина Сатыбалды Армения астанасында өткен чауына Қазақстан атынан қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Жас әнші Ереван төрінде «Қазақ­пын» және Wrecking ball әндерін шырқап, ең жоғары ұпай жинаған. Бұл жеңісі арқылы ол Италияда өтетін «Viva Italia» бай­қауына жолдама алып отыр. Айта кетсек, Golden Voice атты байқауға АҚШ, Ресей, Армения, Эстония, Литва сияқты бірнеше елдің 100-ден астам үміткері қатысқан.
– «Бозторғай» және «Шаттық» халықаралық байқауларының ди­рек­торы, Халықаралық байқаулар мен фестивальдер қауымдас­тығының мүшесі, «Славянский базар в Витебске» халықаралық өнер фестиваліндегі Қазақстанның ресми өкілі Қарлығаш Әбді­кәрім­ова хабарласып, Рамина Қазақ­стан­ның атынан шығады деп айтты. Қатты қуандық, бірден «Бара­мыз!» дедік. Димаш Құдай­берген, Рухия Байдүкенова сияқты қазақ өнерінің мақтаныштарын алғашқы ірі байқауларға алып шық­қан білікті маманның назары біздің қызымызға ауғанына қуа­ныш­тымыз. Оның Раминаға қой­ған «Барби» деген лақап аты қазір кеңінен таралып кетті. Бәрі қызы­мызды «Қазақ Барбиі» деп тани­ды», – деді әншінің анасы Рауан Міржүсіпова.
Рамина 4 жасынан бері әнші­лікпен әуестеніп жүр. Қазірдің өзінде 50-ге жуық халықаралық және республикалық өнер бай­қауында жеңіске жетіп, «Ұлы дала дарыны» төсбелгісін иеленген. Әннен бөлек би, вокал, гимнас­тика, жүзу, сквошпен айналысады. Домбыра, барабан, фортепиано аспаптарын меңгерген.

К.ЕСІМХАН