Ақтөбеде кәмелетке толмағандар азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады
Ақтөбеде кәмелетке толмағандар азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады
159
оқылды
Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі бала азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 24 қарашада сағат 14:10 шамасында белгісіз екі адам дүкенге кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан ақша мен әмиянын алып кеткен. Полиция мәліметінше, қылмыскерлердің фотороботы жасалған. Күдіктілер ұсталды, кейін олардың кәмелетке толмағаны анықталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігімен "Қарақшылық" бойынша соталды тергеу басталды.