menu
Облыс және ірі қала әкімдері енді "міндетін атқарушы" болды – Президент Жарлығы
Облыс және ірі қала әкімдері енді "міндетін атқарушы" болды – Президент Жарлығы
728
оқылды

Президент облыстар мен ірі қалалардың әкімдерін міндет атқарушы мәртебесіне түсіріп, тиісті Жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы» Жарлыққа қол қойды", – деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар әкімдерінің өкілеттіктерінің тоқтатылуына байланысты жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен Тоқаев мынадай жарлыққа қол қойды:
"1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқарсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" делінген Жарлықта.