Боранға байланысты Үшарал-Достық тасжолы жабылды

Боранға байланысты Үшарал-Достық тасжолы жабылды

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Үшарал-Достық тасжолының жабылғанын мәлімдеді.

25 қарашада сағат 14:30-дан бастап Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігі шектеулі) Үшарал-Достық тасжолының 84-184-ші шақырымы, атап айтқанда, Көктұма-Достық стансалары учаскесі барлық автокөлік қозғалысы үшін жабылды.

Осыған байланысты облыстық ТЖД азаматтарға осы бағытқа сапарға шығу жоспарын кейінге қалдыруға немесе одан бас тартуға кеңес береді.

Сонымен қатар, департамент қызметкерлері 112-ден келіп түскен SMS-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.

"Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда көмек болатын барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүру керек", – деді Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігі бойынша қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.