Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауымен ҚР ҚК 345-1 бабына өзгерістер еніп, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді: «Енді заң бойынша қаннан алкоголь табылса, онда ол бірден ауыр қылмыс санатына жатқызылып, татуласуға мүмкіндік берілмейді. 7 жылдан 10 жылға дейін өмір бойына бас бостандығынан айырылады, жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылады. Егер азамат белгілі бір мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, кейін оны алған соң қайтадан ұсталып, көліктің рөліне мас күйінде отырғаны белгілі болса, онда көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылады», – деп нақтылады М.Ахметжанов.