Алматыда ауа райы күрт суытады

Алматыда ауа райы күрт суытады

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап, күн райына қатысты ескерту жариялады.

27 қараша күні Алматыда қалың қар жауып, көктайғақ болады. Ауа температурасы 12-14 градусқа дейін күрт төмендейді.

Осы орайда, қалалық төтенше жағдайлар департаменті гипотермия мен аяз кезінде далада қалған адам денесінің үсіп қалу қаупі барын ескертті.

Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін ескерудің маңыздылығын мәлімдеді. Желілерге шамадан тыс жүк түсуі, үйдегі жылыту, газ құрылғыларын пайдалану және көмір отынымен жанатын пештерді пайдалану ережелерінің сақталмауынан оқыс оқиғалар тіркелетінін еске салды.

Осыған орай, Алматы қалалық ТЖД мынадай мәлімдеме жария етті:

– суық ауа райы кезінде алыс іссапарға және көшеге қажетсіз шықпаңыз. Бұл әсіресе кішкентай балалар мен қарт адамдарға қатысты. Елді мекендердегі алыс орманда шаңғы және басқа да серуендерді кейінге қалдыру қажет;

– автокөлікпен алыс қашықтыққа сапарлардан бас тарту;

– сыртқа шықпас бұрын гардеробты мұқият таңдаңыз: күн райына сәйкес киіну, тар киім мен аяқкиім, биік өкшелі аяқ киім кимеу, өйткені бұл қан айналымын азайтуға және тез қатуға ықпал етеді;

– аязда бойыңызда мынадай белгілер: қалтырау, сезімталдықтың жоғалуы, терінің бозаруы, ұйқышылдық, шаншу болса, ең жақын жылы үй жайға кіріп, денеңіздің мұздап қалған жерлерін жылы қолмен қызарғанша жылытыңыз, жеңіл массаж жасаңыз, жүн матамен сүртіңіз, демалыңыз, содан кейін мақта дәкесін (немесе қолыңыздағы кез келген басқа) таңғышты байлаңыз;

– аязда денеңіздің үсіген белгілері болған кезде (таңғышты қолданғаннан кейін) медициналық көмекке жүгінуді ұмытпаңыз.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.