Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан төрт адам мерт болды
Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан төрт адам мерт болды
574
оқылды
Алматы-Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Жол-көлік оқиғасы 26 қараша күні кешке Көксу ауданында Volvo жүк көлігі мен Lexus 570, Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Passat маркалы көліктер соқтығысқан. Автокөліктер Алматы-Өскемен тасжолының 187-ші шақырымында төмен түсу кезінде соқтығысқан. Оқиға орнында 4 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.