Ким Чен Ын көпшілік алдына екінші рет қызын ертіп шықты
Ким Чен Ын көпшілік алдына екінші рет қызын ертіп шықты
КХДР басшысы қараша айында құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшыруға қатысқан ресми өкілдермен фотоға түсуге қызымен бірге келді. Қасына қызын ертіп алған Солтүстік Кореяның көшбасшысы әскери қызметшілермен, сондай-ақ жақында ұшырылған Хвасон-17 құрлықаралық баллистикалық зымыраны жобасымен айналысқан ғалымдар мен техниктер бар. Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігінің мәліметі бойынша, Ким Чен Ынның қызының есімі Чжу Э. Суретте ол жағалы ұзын қара пальто киген. Іс-шара кезінде Чжу Э әкесінің қолынан ұстап тұрған. Өткен аптада Ким Чен Ын "Хвасон-17" типті құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшыруға бұйрық берді. Сынақ алаңына Солтүстік Корея көшбасшысы әйелі мен қызын ертіп келген еді.