Мұхаммед Әлидің немересі ММА-да 45 секундта нокаутқа қол жеткізді
Мұхаммед Әлидің немересі ММА-да 45 секундта нокаутқа қол жеткізді
605
оқылды
Америкалық файтер Бьяджо Әли Уолш PFL 10 турнирінде өнер көрсетіп, Том Грессерді тез арада жеңді. Бьяджо Әли бірінші раундтың 45 секундында қарсыласын нокаутқа жіберді. Жекпе-жек әуесқойлық деңгейде өтті, әрқайсысы үш минуттан үш раунд болды, – деп хабарлайды Sport-Express. Бьяджо Әли Уолш үшін бұл ММА-дағы екінші жеңісі. Ал Мұхаммед Әлидің екінші немересі Нико Уолш болса кәсіпқой бокста жеті рет жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің 23 жастағы немересі Бьяджо Әли Уолш модельдік мансабымен қатар MMA-да бақ сынап жүр. Оның бауыры, 21 жастағы Нико Али Уолш, Тайсон Фьюри (32-0-1 бокс) бапкерінің қол астында дайындалған, 5-0 рекорды бар кәсіпқой боксшы.
"Мен ММА-мен жалпы үш жылдай жаттығып жүрмін. Жаттығуды бастағаннан кейін көп ұзамай ковид болдым, сондықтан біраз кешігу болды, бірақ ол кезде гаражда жаттығатынмын. Мен бокс әлемінде өстім және шабуылшы болуым керек еді, бірақ өзімді жан-жақты ашқым келді. Ешқандай базасыз жаттыға бастадым. Мен бұрын жекпе-жекпен айналыспағанмын, бірақ әрқашан ММА мен бокстың жанкүйері болдым", – дейді Әли Уолш.