Ресей депутаты көше атауларын өзгертпек болған Қырғызстанды сынады
Ресей депутаты көше атауларын өзгертпек болған Қырғызстанды сынады
492
оқылды
РФ Мемлекеттік Думасының Халықаралық істер жөніндегі комитет басшысының орынбасары Дмитрий Новиков Қырғыз Республикасы Парламентінің төрағасы Нұрланбек Шакиевтің басқа тілдерден алынған елді мекендер атауы өзгертілуі керек деген мәлімдемесін сынға алды. Дмитрий Новиковтың айтуынша, ҚР Парламентінің төрағасы Нұрланбек Шәкиевтің Бішкек астанасындағы көше атауларын өзгерту туралы мәлімдемесі тарихи байланыстарға соққы, – деп хабарлайды 24 kg.
"Мен Ресей басшылығының орнында болсам, осындай шешімдерге қанағаттанбау тұрғысында өз ұстанымымызды білдіру бойынша әрекет ету қадамын қарастыруды ойластырар едім", – деді Дмитрий Новиков.
Ол Қырғызстанда "антисоветтік рецедив" барын мойындады. Алайда, мұндай кез келген көрініс өткен тарихымызға селкеу түсіріп, сана-сезімімізге әсер етеді. Депутат "бір қарағанда мұның барлығы ұсақ-түйек болып көрінгенімен, оның тамырына ерте бастан балта шапқан дұрыс" деп атап өтті.