Ресейден тоннадан астам уылдырықты заңсыз әкелмек болған
Ресейден тоннадан астам уылдырықты заңсыз әкелмек болған
311
оқылды
Ресейден Қазақстанға бір тоннадан астам уылдырықты заңсыз әкелмек болған, – деп хабарлайды Россельхознадзордың баспасөз қызметі.
«2022 жылдың 18 қарашасы мен 25 қарашасы аралығында Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасының Омбы учаскесінде ветеринарлық бақылауды жүзеге асыру барысында облыстық Россельхознадзор мамандары бақылауға алынған 16,5 тонна өнімді (балық және балық өнімдері, тоңазытылған ет, өнімді және өнімсіз малға арналған жем), заңсыз тасымалдауды тоқтатты. Олардың қатарында алты бас ауыл шаруашылығы жануарлары (жылқы) бар» делінген хабарламада.
Мәселен, 22 және 23 қарашада Омбы облысы бойынша Россельхознадзор департаментінің мамандары «Есілкөл» бақылау-өткізу бекетінде (Есілкөл ауданы) Ресейден Қазақстанға бақылаудағы жүктерді тасымалдаған екі көлікті ұстады.
«Омбы кеденінің қызметкерлерімен бірлесіп көліктерді тексеру барысында азық-түлік тауарларының заңсыз тасымалдануы анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, вагондарда 250 келіден астам бекіре балығының уылдырығы, 850 келіден астам албырт уылдырығы, сондай-ақ 3 тоннаға жуық жаңа мұздатылған балық өнімдері болған. Сонымен бірге бұл өнімдер ветеринарлық ілеспе құжаттарынсыз тасымалданған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, көлік құралдарын егжей-тегжейлі тексеру, ұсынылған құжаттар мен таңбалаулардың нақты жүкке сәйкестігіне талдау жүргізілуде» делінген хабарламада.