Жамбыл облысында тоқтап қалған пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді
Жамбыл облысында тоқтап қалған пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді
466
оқылды
Жамбыл облысында Шығанақ-Шу учаскесінің Қияқты-Хантау аралығындағы пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. 27 қарашада сағат 9:07-де Жамбыл облысының Шығанақ-Шу учаскесіндегі Қияқты-Хантау аралығында теміржол байланыс желісінде кернеудің болмауына байланысты жолаушылар пойыздары тоқтап, жолда қалған.
"Бұған дейін бұл учаскеде қатты жел (20 м/с дейін) жүк пойызындағы бос контейнерді жұлып әкеткен болатын. Құлаған кезде контейнер байланыс желісінің бағанына зақым келтірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Орын алған оқиға бес жолаушы мен бес жүк пойызының кідірісіне әкеп соқтырды", – деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Тоқтатылған пойыздардың жолаушылары болған оқиғадан хабардар етілген.
"Орын алған оқиға салдарын жою үшін Шу станциясының жөндеу бригадасы жіберілді. Сағат 13:38-де пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді, – деді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.