Әлем чемпионаты: Коста-Рика Жапониядан басым түсті
Әлем чемпионаты: Коста-Рика Жапониядан басым түсті
1,012
оқылды
Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында Коста-Рика Жапониядан басым түсті. Азия құрамасы Е тобының екінші тур ойынында фаворит саналғанымен, ойындағы жалғыз голды коста-рикалық Кейшер Фуллер соқты. Алғашқы турда Жапония құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңсе, Коста-Рика Испанияға 0:7 есебімен ұтылды. Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Оның үшеуінде жапониялықтар жеңіске жетсе, бір кездесу тең нәтижемен аяқталды. Аталған топтағы Испания мен Германия кездесуі бүгін елорда уақытымен 01:00-де«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.