Екібастұзда оқушылар қашықтан оқитын болды
Екібастұзда оқушылар қашықтан оқитын болды
925
оқылды
Екібастұзда жылу болмауына байланысты балабақшалар жұмысын тоқтатып, мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды.
«Екібастұз қаласының білім беру ұйымдарындағы жылу параметрлерінің төмендеуіне байланысты 28 қарашадан қала мектептерінде білім беру қашықтан оқыту форматына көшіріліп, балабақшалар жұмыс істемейді» делінген өңірдің білім беру басқармасы таратқан ақпаратта.
Дегенмен, ауыл мектептерінің оқушылары штаттық режимде білім алады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы мен «Жас өркен» жасөспірімдер үйі» КММ-ден 47 бала Павлодарға қоныс аударғаны белгілі. Сонымен қатар, облыстық көпбейінді лицейдің 29 оқушысы «Білім инновация» лицейіне ауыстырылды. Жалпы, Екібастұзда 25 мектеп және оларда білім алатын 21 341 оқушы бар. Сондай-ақ, Екібастұз қалалық ауруханасында 300 науқас ем алып жатыр. Жергілікті билік қажет болған жағдайда оларды да басқа жерге ауыстыратынын хабарлап отыр. Осы мақсатта Павлодар мен Ақсу қаласында 317 төсек-орын дайындалған.
Санитарлық көлікпен 14 адамды, оның ішінде 7 баланы Павлодарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұған қоса, психитариялық саулық орталығынан 31 науқасты, олармен ілесе жүретін 3 қызметкерді эвакуациялау көзделеді, – деп атап өтеді Павлодар облыстық әкімдігінен.